Қалалық ғылыми семинар

04.05.2024

Көрулер: 651

2 сәуір күні, факультетімізде «математика» кафедрасы мен «Математика және математикалық моделдеу институты»-ның ұйымдастыруымен кезекті қалалық ғылыми семинар өткен болатын. Семинарда факультетіміздің ұстазы – Кангужин Балтабек Есматович баяндама жасаған болатын. Баяндама тақырыбы «Дифференциалды-алгебралық теңдеуге келтірілетін механика есептері». Баяндама Мұхтарбай Өтелбайұлы Өтелбаевтың теориясына негізделген. Балтабек ағайдан кейін Садыбеков Махмуд Абдысаметович жасалған баяндамаға қатысты қосымша ретінде өзінің жұмысымен таныстырды. Семинар оффлайн форматта 213 аудиторияда өткенімен еліміздің өзге де университеттерінен ғалымдар, сондай-ақ шетелдік ғалымдар онлайн форматта қатысты. Семинарда түрлі сұрақтар талқыланды.