Математикалық дүйсенбі: Бірге даму

22.04.2024

Көрулер: 420

"Адамға - ақыл керек, іс керек, мінез керек."

Абай Құнанбайұлы

Күнделікті күйбең тіршілік адам баласын өмірлік маңызы бар істерден алаңдататыны анық. Бұл тұжырым Механика-математика факультетінің студенттеріне қатысты емес, себебі факультет студенттері басты міндет - білім алу екендігін әсте ұмытқан емес. Қазір білім алып, болашақта еліміздің өркендеуі мен өсуі үшін қызмет ететіні анық. Білім жолы оңай жол емес, оған дәлел Абай атамыздың мына сөзі: "Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан". Кейде тіпті "алты ай арпалысқан" есебіңнің шықпайтынын біліп, еңбегіңнің зая болғанының өзі - адамға үлкен бір сынақ десек артық айтқанымыз емес. Есеп шығару барысында сондай өрескел қателіктерден сақтау үшін, білімімізді шыңдау үшін апта сайын өткізілетін семинарымыз бүгін де, 29 - сәуір күні, өз орнын тапты. Сол семинарды тек есеп көрсету алаңы деп емес, сонымен қатар студенттеріміздің мүмкіндіктерін көрсететін "сахна" деп білеміз. Семинарда келесі магистранттар мен докторанттар өз жұмыстарын таныстырды:

  1. Сейсекулова Сабина
  2. Советжан Марлен
  3. Смағұл Диас
  4. Торебаева Жасмин
  5. Туребаев Бекназар
  6. Серік Ақерке
  7. Ақылбай Мөлдір
  8. Серікқали Ақгүл

Кездесуіміз әдеттегідей қызықты, әрі ең бастысы қатысушылар үшін жемісті өтті деген сенімдеміз.