Математика: Ақылдыларды біріктіру, Прогрессті жеделдету

15.04.2024

Көрулер: 82

Сәуір айының 16-19 күндері және 22 сәуір күні Математика және математикалық моделдеу институты және Қазақ Ұлттық Университеті Механика – Математика факультетінің ұйымдастыруымен университет қабырғасында “ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУІР ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ” өткелі отыр.

Конференцияның программалық комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Тынысбек Шарипович Кальменов.

Программалық комитет мүшелері:

  1. Профессор Л. А. Алексеева (Алматы, Қазақстан)
  2. Профессор А. Т. Асанова (Алматы, Қазақстан)
  3. ҚР ҰҒА мүше – корреспонденті Б. С. Байжанов (Алматы, Қазақстан)
  4. Профессор Д. Б. Базарханов (Алматы, Қазақстан)
  5. Ф. – м. ғ. д. В. В. Вербовский (Алматы, Қазақстан)
  6. Ф. – м. ғ. д. Н. С. Даирбеков (Алматы, Қазақстан)
  7. ҚР ҰҒА академигі А. С. Джумадильдаев (Алматы, Қазақстан)
  8. Профессор Б. Е. Кангужин (Алматы, Қазақстан)
  9. ҚР ҰҒА мүше – корреспонденті Б. Ш. Кулпешов (Алматы, Қазақстан)
  10. Профессор Е. Д. Нурсултанов (Астана, Қазақстан)
  11. ҚР ҰҒА мүше – корреспонденті М. А. Садыбеков (Алматы, Қазақстан)
  12. Профессор С. Я. Серовайский (Алматы, Қазақстан)
  13. ҚР ҰҒА академигі С. Н. Харин (Алматы, Қазақстан)
  14. Доцент М. А. Сахауева, ғылыми хатшы (Алматы, Қазақстан)

Ұйымдастырушы комитет:

  1. В. В. Вербовский, төраға
  2. Ж. Адиль
  3. М. И. Алькенов
  4. Б. С. Байжанов
  5. Э. А. Бакирова
  6. А. О. Бекетаева
  7. К. Досмагулова
  8. Т. Е. Жакупбеков
  9. Ж. Найманова
  10. М. А. Сахауева
  11. О. А. Умбетбаев

Конференция алыс-жақын шетелдік әріптестеріміздің басын қосқалы отыр, оның ішінде Қазақстан ғалымдарымен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Финляндия, Қытай, Ұлыбритания елдерінен келген ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Конференция келесідей бөлімдерге бөлінген:

  1. Функциялар теориясы мен функционалды анализ бөлімі;
  2. Дифференциалды теңдеулер бөлімі;
  3. Математикалық моделдеу, математикалық физика теңдеулері және геометрия;
  4. Алгебра, математикалық логика және геометрия.

Қосымша ақпаратты https://math.kz/news-show/programma-i-sbornik-tezisov-tradicionnoy-meghdunarodnoy-aprelyskoy-nauchnoy-konferencii-16-19-i-22-aprelya-2024 сайтынан қарай аласыздар.