Математикалық дүйсенбі: Әр дүйсенбі көкжиекті кеңейтеміз

15.04.2024

Көрулер: 88

15 Сәуір.

2024 жыл.

Қазақ Ұлттық Университеті.

Механика – математика факультеті.

Математика кафедрасы.

413 – аудитория.

Баяндамашылар: Асан Нұрқасым, Данабеков Нұрғали, Дюсембинова Амина, Атипа Есболат, Бахтияров Нурадил.

Абай Құнанбайұлы атамыз айтпақшы:

“Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.”

Осы орайда мұғалімдеріміздің тікелей қолдауымен өткізілетін студенттеріміз бен магистрант, докторанттар қатысатын семинар ілгері қарай математика әлеміндегі кішкентай болса да, нақты қадамдарын жасауда. Семинар қатысушыларға үлкен көмек деп білеміз. Білгенін басқа жас ғалымдармен бөлісіп, білмегенін сұрап, яки талқылау адамдарды жаңаша ойлауға үйрететіні анық. Қатысушылар саны жетерлік, бірақ сонда да біздің өткізіп жатқан семинар туралы “естімеген құлақ, көрмеген көз” болмас үшін барлық жанды осы семинарға қатысуға шақырамыз.