Математикалық дүйсенбі: Қатардағы кірпіш

08.04.2024

Көрулер: 85

Құрылысшының қалап жатқан кірпішіндей, әр апта сайын кафедра оқытушылары мен студенттері бас қосатын дүйсенбілік семинар жалғасуда. Сәуірдің 8-жұлдызында баяндамалар қорғаған магистрант, докторанттар тізімі:

  1. Пірманова А. “ГИДРО ЖӘНЕ ГАЗ ДИНАМИКАСЫ ҮШІН ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ОПЕРАТОРАЛРДЫҢ ДҰРЫС ТАРЫЛУЫ”
  2. Қасен М. “DIRECT AND INVERSE PROBLEMS FOR PARABOLIC EQUATIONS IN NON-PARABOLIC DOMAINS”
  3. Садихин М. “БӨЛШЕК ТУЫНДЫЛЫ ПСЕВДО-ПАРАБОЛАЛЫҚ ТЕҢДЕУ ҮШІН БАСТАПҚЫ-ШЕТТІК ЕСЕП”
  4. Қуаныш С. “ПАРАБОЛАЛЫҚ ТЕҢДЕУ ҮШІН ҚОЙЫЛҒАН БЕЙЛОКАЛ ШЕТТІК ЕСЕПТІ ШЕШУДІҢ БІР ӘДІСІ ТУРАЛЫ”

Тақырыптар тыңдаушыларға қызықты болды. Магистранттар мен докторанттар неше түрлі сұрақтар қойып, тақырыптарды талқылаған болатын. Осы тақырыптардың ішінде соңғы кездері өзекті жерсілкінісі мен ғимараттың тұрақтылығы тақырыбы да өз орнын тапты. Болашақта осы тақырып өз жалғасын табады деген сенімдеміз, ал магистрант, докторанттарымызға осы жолда мойымай жетістікке жетуін тілейміз.