Ректормен кездесу

06.04.2024

Көрулер: 105

Сәуірдің 5-күні кафедрамыздың жас ғалымдары ректормен кездесуге қатысты. Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында оқу ордасының жас ғалымдары бас қосқан жиында Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директорының міндетін атқарушы Марғұлан Ибраимов баяндама жасап, ректорымыз істелген және болашақта жасалуы керек мәселелерді айқын көрсетті. Сонымен қатар, ректор Жас ғалымдардың ғылымның дамуына қосатын үлесі туралы сөз қозғап Жас ғалымдарға осынау қиын жолда жетістіктер тіледі. Кафедрамыздың оқытушысы Ерғалиев Мади ректордың қолынан "Үздік Жас Ғалым" марапатын алды. Осы орайда кафедра ұжымы атынан ағайға толағай табыстар тілейміз.