Кафедра арулары марапатталды

14.03.2024

Көрулер: 142

Факультетіміздің басшылық құрамының және кафедра азаматтарының атынан кафедра аруларын 8 наурыз “Халықаралық әйелдер күнімен” шын жүректен құттықтаймыз. Осы орайда 6 наурыз күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы қызыл залда өткізілген іс-шарада кафедрамыздың 11 мұғалімі “Ерен еңбегі үшін” медалімен, 7 мұғалім Құрмет грамотасымен, 20 мұғалім Ректордың алғыс хатымен, сонымен қатар 7 наурыз күні Қазақ Ұлттық Университетінің Кітапханасында өткізілген іс-шарада Абдуахитова Гулжан апайымыз ректордың қолынан “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды. Аруларымызды алған марапаттарымен құттықтай отыра, келешекте толағай табыстар тілейміз.