ҚазҰУ профессор м.а Ж.Жанабековтың 80 жылдық мерей тойы өтті.

24-қаң-24

Көрулер: 202

Сіз Қазақтың Қара шаңырағы – Қазақ Ұлттық Университетін «Математика» мамандығы бойынша 1966 жылы бітіріп шықтыңыз.

Сіздің ғылыми еңбегіңіз «Екі фазалық шекаралық қабаттағы жылу алмасуды тиімді басқару» тақырыбына арналған.

Сіз қазіргі таңда өзіңіз бітіріп шыққан Қазақ Ұлттық Университетінде Бакалаврлар мен Магистранттар – жалпы Шәкірттер дайындаудасыз!

 

Құрметті Жеңісбай Жаңабекұлы! 

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 80 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, деніңіздің саулығын, отбасының амандығын тілейміз!

Қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беріңіз.

Абыройыңыз асқақтай берсін!