Корея Республикасы, Инха университетінде 2023 жылдың 11-12 мамырында өткен «Eurasian legal systems in a world in transition» атты 6-шы халықаралық француз-қазақ-корей конференциясы

15.05.2023

Көрулер: 1348

Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі доцент Сайрамбаева Ж.Т. және халықаралық құқық кафедрасының профессоры Айдарбаев С.Ж. Корея Республикасы, Инха университетінде 2023 жылдың 11-12 мамырында өткен «Eurasian legal systems in a world in transition» атты 6-шы халықаралық француз-қазақ-корей конференциясына қатысты.

Конференцияға Франция, Испания, Канада, Қытай және Ресей Федерациясының әртүрлі университеттерінің ғалымдары қатысты. Конференция барысында Еуразияның жаһандық сын-қатерлері мен халықаралық дағдарыстар, аймақтық қауіпсіздік жүйелері мен интеграциялық бірлестіктердің тиімділігі сынды мәселелер көтерілді. Арнайы бөлімде 4-ші өнеркәсіптік революцияның негізгі технологиялары және болашақ дәуірді реттеудің негізгі объектілері болып табылатын жасанды интеллект пен деректер қорын реттеуге арналды. Конференция қорытындысы бойынша ұжымдық монография жарық көреді.