Доцент З.М. Баймағамбетова "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

27.04.2023

Көрулер: 1065

Халықаралық құқық кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD докторы Баймагамбетова Зульфия Мажитовна 16 наурыз 2023 жылы №128 Басқарма Төрағасы-Ректор Ж.Қ. Түймебаевтың бұйрығымен Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Құрметті Зульфия Мажитовна, халықаралық құқық кафедрасы Сізді шын жүректен құттықтай отырып жұмыста жаңа табыс, зор денсаулық, отбасыңызға және жақындарыңызға амандық тілейді!