Доцент Машимбаева Г. А. "дипломатиялық қызметке 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды
Көрулер: 991

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Әл-Фараби атындағы Мәшімбаева Гүлмира Амангелдіқызын «Дипломатиялық қызметке – 30 жыл» медалімен марапаттады. Ғалымға атаулы марапатты ҚР СІМ Алматы қаласы өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов табыстады.
Халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Гүлмира Амангелдіқызы дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына орай, ҚР Сыртқы істер министрлігі шығарған «Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің хронологиясы» кітабын дайындауға белсенді қатысты.
Кітап тәуелсіз Қазақстанның консулдық қызметінің қалыптасу тарихын сипаттайды. Басылымға еліміздің консулдық қызметінің негізін қалауға және дамытуға зор үлес қосқан дипломатиялық қызмет ардагерлері, елшілер мен дипломаттардың тарихи очерктері мен естеліктері және нақты деректер енгізілген.






