Профессор П. Шабалдың Гавр университетінен сапары (Франция)
17.10.2022
Көрулер: 1143
Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасына Гавр университетінің (Франция) профессоры Пьер Шабал келді. Профессордың жұмыс сапары барысында Еуропалық құқық орталығы шеңберінде ғылыми іс-шаралар, кездесулер өткізілді, 10 жылдық бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ алдағы бірнеше жылдағы ынтымақтастық перспективалары айқындалды.








