"Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері "ФАРАБИ ӘЛЕМІ" жеңімпаздары атанды

15.04.2022

Көрулер: 1453

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректор Ж.Қ. Түймебаев жыл сайынғы дәстүрлі "ФАРАБИ ӘЛЕМІ" студенттер мен жас ғалымдар арасындағы Халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздарын марапаттады. Халықаралық құқық кафедрасы лайықты орын алған келесі студенттерді құттықтай отырып оқуда одан әрі табыстар тілейді:

2 дәрежелі Диплом - Сейтқадыр Олжас, «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті;

3 дәрежелі Диплом – Омарова Жанель, «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті.