Журнал "Хабаршы. Физика сериясы" WoS платформасындағы RSCI деректер базасына енді!

«Хабаршы. Физика сериясы» журналы Web of Science (WoS) платформасындағы Russian Science Citation Index (RSCI) деректер базасына енді.
Russian Science Citation Index - бұл Web of Science платформасындағы орыс тіліндегі ең ықпалды ғылыми журналдардың мәліметтер базасы. Бұл жерге басылымның енуі - бұл ең жоғарғы деңгейдің көрсеткіші болып табылады. RSCI-дегі барлық ақпарат орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады. RSCI халықаралық сарапшылар кеңесінің басшылығымен көп деңгейлі сараптамалардың негізінде РИНЦ жинақтарындағы жарияланымдарды мұқият таңдау арқылы қалыптасады.

Басылым күні :  28.02.2021