Кафедра магистранты «RUDN Top Student Mobility» степендиясын иеленді

Мәскеу қаласы Ресей Халықтар Достығы университетінде қосдипломды бағдарламамен 03.04.02"Физика (Гравитация және космология") мамандығы бойынша оқып жүрген кафедрамыздың магистранты Карсиманов Бакдаулет Садикович шетелдік жетекші оқу орындарынан келген студенттердің арасында үздік 30 студент қатарына ілініп, Италия, Беларусь, Франция, Таджикистан, Иран, Австрия, Армения және Испания елдерінің студенттері арасында рейтингте бірінші орынды иеленді. Сонымен қоса, РХДУ ректорының бұйрығымен 41 500 рубль (~250 000 теңге) көлемінде бір реттік арнайы "RUDN Top Student Mobility" шәкіратқысын иемденді.


Бакдаулет Садиковичті жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақыттағы шығармашылық жұмыстарына тек сәттіліктер тілейміз!


Басылым күні :  23.01.2021