Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың Исламдық қаржы ғылыми-білім беру орталығы "Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020" сыйлығына ұсынылды

11.07.2020

Көрулер: 2102

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің исламдық қаржыландырудың ғылыми-білім беру орталығы 2020 жылдың қыркүйек айында өтетін 10-шы Жаһандық исламдық қаржыландыру марапаттары (GIFA) 2020 аясында Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020 марапатына ұсынылды. Сіздерді осы марапатпен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің исламдық қаржыландыру саласын жетілдіруде озық тәжірибелерді дамытуда қосқан үлесі үшін алғыс белгісі ретінде құттықтаймыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің исламдық қаржыландырудың ғылыми-білім беру орталығынан басқа бұл марапатқа тағы үш жоғары оқу орны ұсынылды.

 

Исламдық банкинг және қаржы индустриясының дамуы және кеңеюі жыл сайынғы исламдық қаржыландыру бойынша Жаһандық сыйлықпен (GIFA) марапаттау арқылы мекемелер мен жеке тұлғалардың қосқан үлестері мен жетістіктері айқындалады. Осылайша, бұл марапат интелектуалдық көшбасшылықта, әлемдік деңгейдегі бастамаларды жүзеге асыруда және саланың жетекші өнімдері мен қызметтерін дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізгендерді көтермелейді.