ҚАЗҰУ-ДА ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ АЛҒАШҚЫ ИСЛАМ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
16.05.2019Жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Астана халықаралық қаржы отралығы (АХҚО) және Катардағы Хамад Бин Халиф университетімен әріптестігі негізінде жүзеге асты. Ашылу салтанатында ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Хамад Бин Халиф университетінің президенті доктор Ахмад Хасна, АХҚО төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов, қаржы институттарының өкілдері, оқытушылар және студенттер қатысты.






