Мұрағаттану және құжаттану бойынша IV қалалық студенттік олимпиада

2019 ж. 12 сәуірде ҚР Президентінің Архивінде IV қалалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада Жастар жылы және «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді және мақсаты  студенттердің шығармашылық қабілетімен қатар, архившы және құжаттанушы мамандығының маңыздылығын арттыруға бағытталған.

Олимпиаданың ашылуы рәсімін әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқу ісі жұмыс жөніндегі проректор А.Қ. Хикметов және ҚР Президент Архивінің директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова ашты.

Олимпиадаға әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абай ат. ҚазҰПУ студенттерінен құралған 6 команда қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды: 1) «Таныстыру», студенттер команданың атауы, ұраны мен эмблемасын таныстырды; 2) «Үй тапсырмасы» деп аталатын екінші турда студенттер

«Ұлы даланың жеті қыры» және Отан тарихы мәселелері,

«Архив ісін және іс жүргізуді цифрландыру: проблемалары мен перспективалары» атты ғылыми бағытта дайындалған жобаларын қорғады.

IV қалалық студенттердің пәндік олимпиадада бойынша нәтижелері:

1 орын Қазақ ұлттық университетінің «Қазына» командасына берілді. Сондай-ақ, «Smart students» командасы «Ең үздік танытылым» номинациясымен, «Прометей» командасы «Өзекті тақырып» номинациясымен, «Асыл мұра» командасы «Инновациялық тақырып» номинациясына ие болды.