"Әртүрлі жастағы дене механизмдерін реттеу және бейімдеу" атты дөңгелек үстел

29.06.2021

Көрулер: 1720

2021 ж. 28 маусымда № 6 оқу корпусында 214 аудиторияда, онлайн (ZOOM) форматта биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы биология ғылымдарының кандидаты, доцент Александр Борисович Еланцевтің туғанына 80 жыл толуына орай "Әртүрлі жастағы дене механизмдерін реттеу және бейімдеу" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мерейтой иесін құттықтау ғана емес, өмірдің түрлі жас кезеңдерінде ағзаның физиологиялық механизмдерін реттеу мен бейімдеудің заманауи мәселелерін талқылау болды. б.ғ. д., профессор Талбаев Талғат Жұмекенұлының "Спорттағы ынталандырушы құралдардың қазіргі мәселелері", б.ғ. к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі Кустубаева Альмира Мэлсовнаның "Қазақстанда нейроғылымның қалыптасуы", биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушысы аға оқыушысы, б.ғ.к. Датхабаева Гаухар Кубенқызы "Семіздікпен және қалыпты дене салмағымен балалардың нақты тамақтануының ерекшеліктері" тақырыбындағы ғылыми баяндамалары тыңдалды және "Қазақстан Республикасының допингке қарсы зертханасы" директорының орынбасары Свамбаева Еркебұлан

А.Б. Еланцевті факультеттегі әріптестері биология факультеті кафедраларының меңгерушілері және "Парасат" ҚазҰУ кәсіподағының өкілдері құттықтады. Университетте жұмыс істеген жылдары, көптеген мамандарды дайындағаны және табысты ғылыми жұмысы үшін Александр Борисович Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күміс медалімен марапатталды.