Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

28.05.2021

Көрулер: 1842

2021 жылғы 27 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Сұлтан Төлеуханұлы Төлеухановтың 70 жылдығына арналған "Биология және биотехнологияның өзекті мәселелері" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция санитарлық режимді ескере отырып, офлайн және онлайн форматта өтті. Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейробиология кафедрасы ұйымдастырды.

www.kaznu.kz