Докторанттардың ғылыми семинары

27.10.2020

Көрулер: 1241

   2020 жылдың 27 қазанында биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының докторанттарының ғылыми семинары өтті. Ғылыми семинар екі бөлімен тұрды. Бірінші бөлім ғылымдағы жаңалықтар бойынша биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының «8D05101 - Биология» мамандығының 2 курс докторанттары Дәулет Г. және Айтбеков Р. ғылымдағы бірқатар жаңалықтарды атап өтті. Сонымен қатар кафедраның оқытушысы Басыкараев Ж. ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша баяндама жасады. Екінші бөлімде «8D05101 - Биология» мамандығының 1 курс докторанттары Жантілесова С., Қалдықараева А. және Ешмуханбет А. диссертациялық жұмыстары бойынша баяндама жасады. Ғылыми семинар қосымша Microsoft teams платформасында жүргізіліп отырды.

www.kaznu.kz.