«ЕЛ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ»

30.11.2020

Көрулер: 1444

 

 2020 жылдың 30 қарашасында биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Microsoft Teams платформасында онлайн-режимде куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. және «5В060700-Биология», «5В011300-Биология» мамандықтарының 3-4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты мерекелік іс-шараның өтті. Іс-шара барысында студенттер кемеңгер тұлға – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен кәсіби еңбек жолы туралы ой қозғап, Елбасының сөзіне жазылған әуендер шырқалып, қазақ халқының әуезді күйлері шертілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеудің жалпы мемлекеттік мәні бар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қоғамымызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, қоғамның ХХІ ғасырда тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін бұдан әрі нығайту болып табылады.

 

Қайрат Б.Қ.

биофизика, биомедицина және нейроғылымдар

кафедрасының оқытушысы

 

 

www.kaznu.kz