Шетелдік профессорлардың дәрісі
Көрулер: 2348
9-10 сәуір 2019 ж. «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың VI халықаралық конференциясына шетелден шетелдік жетекші ЖОО профессорлары қонаққа келді. Солардың ішінде ENSAIA мемлекеттік агрономия және тамақ өнеркәсібі жоғары мектебінің профессоры, Лотарингия университеті (Лоррейн университеті, Франция), Кирилл Фаде. «Chlordecone a paragon of old chlorinated pesticides fate from environment to the Food chain – Human health implications» тақырыбына баяндама жасады.
Түркиядан келген Қара теңіз техникалық университетінің профессоры Демирбаг Зинни «Enhanced insecticidal activity of Chilo iridescent virus expressing an insect specific neurotoxin» тақырыбына баяндама жасады. Медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Муминов Талғат Аширұлы. «әл-Фараби, Абай, Шекспир және қазіргі заманғы медицина» тақырыбында баяндама жасады.
Есенбекова А.Е.
биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы






