«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың VI халықаралық конференциясының ашылуы
09.04.2019
Көрулер: 2234
9 сәуір 2019 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Үлкен дәріс залында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың VI халықаралық конференциясының ашылу салтанаты өтті.
Конференцияның мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбие жұмыстарын ынталандыру болып табылады; шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруды ынталандыру; біздің заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту.
Қайрат Б.Қ.
биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы






