Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді

03.11.2018

Көрулер: 2664

 

«Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді»- деп М.Әуезов атамыз айтқандай биофизика және биомедицина кафедрасының ББП 1803,1804 тобының студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Авторы - Ф. Буляков, аударған - Т. Әлімбекұлының “Отыз ұлың болғанша» атты мұңды комедия қойылымның куәсі болды.

Өнер көзі, тәрбие ошағы-театрға баруымыздың негізгі мақсаты: техникаға телмірген жастарымыздың бойына рухани байлықты азық етіп, сахнаның ауасын сағынтып, өнерге шөлдейтіндердің санын көбейту. “Отыз ұлың болғанша”қойылымы осы қоғам дертіне айналған жастар мәселесін қозғайтын жас ұрпаққа тәрбиелі тағылымы мол туынды болып табылады.

Р.S. Киелі өнердің ордасына бас сұққан жастарымыз мәдениетті де үйреніп, өмірді де көреді. Ақ пен қараның, арпалысып жатқан заманның ащы шындығын біліп, ара жігін ажырата алады. Керегін алады да, көңіл сүзгісінен саралап өткізіп, керексізін кері ысырады. Сол себепті жастардың театр қойылымдарына қызығушылығын арттыру біздің бірден-бір парызымыз.

 

Есенбекова А.Е.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz