Республикалық олимпиадада ҚазҰУ студенттері көшбасшы атанды
28.03.2019
Көрулер: 2152
«5B060700 – Биология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға барлығы 15 команда өтініш берді және олимпиадаға командалардың барлығы қатысты. Нәтижесі бойынша, 15 команданың ішінен оқ бой озық шыққан пәндік әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультеті, «5В060700-Биология» мамандығының 3 курс қазақ тобының студенттерінен құралған «Bioroyals» командасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Ι дәрежелі дипломымен марапатталды. Команда жетекшісі: б.ғ.к, доцент Аблайханова Н.Т.
Аблайханова Н.Т
биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы б.ғ.к, доцент






