Жаңалықтар

Инюшин Виктор Михайловичтің 80 жылдық мерейтойына арналға дөңгелек үстел

03.03.2021

2021 жылдың 1-наурызында биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдің Лазерлік академиясының академигі Инюшин Виктор Михайловичтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қолданбалы биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың заманауи проблемалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел санитарлық режимді ескере отырып, офлайн және онлайн форматта жүргізілді. Аталған іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Мерейлі мерейтоймен құттықтаймыз!

02.03.2021

Құрметті Инюшин Виктор Михайлович!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының оқытушылар құрамы мен студенттері сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен құттықтайды!

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР ВИКТОР МИХАЙЛОВИЧ ИНЮШИННІҢ ҒЫЛЫМИ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ

25.02.2021

Инюшин Виктор Михайлович - Қазақстандағы биофизиктер мектебінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері.

1941 жылы 1 наурызда Ленинградта әйгілі гидротехниктің отбасында дүниеге келген. Виктор Михайлович 17 жыл бойы Өскемен және Серебрянск қалаларында оқып, өмір сүрді. Ол бала кезінен бастап құстар мен балықтардың өмірін бақылайтын натуралист ретінде биологиямен айналыса бастады. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың биология факультетінде 1958 жылдан 1963 жылға дейін білім алып, еңбек жолын алдымен стажер-зерттеуші, кейіннен гистология және цитология кафедрасының доценті ретінде бастаған.

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ЗАЯДАН БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

22.02.2021

Биология және биотехнология факультетінің деканы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Заядан Болатхан Қазыханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары» деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Құрметті әріптестер!

22.02.2021

Құрметті әріптестер!

Биология ғылымдарының докторы, профессор, еңбек сіңірген өнертапқыш, Ресейдің Лазерлік академиясының академигі Инюшин Виктор Михайловичтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Қолданбалы биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың заманауи проблемалары» атты дөңгелек үстелінің отырысына

ШАҚЫРАМЫЗ!

Ары қарай оқу >>

ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ

10.02.2021

2021 жылдың 10 ақпанда биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының 2 курс докторанттарының ғылыми семинары өтті. 2 курс докторанты Дәулет Г. диссертациялық жұмыстары бойынша баяндама жасады. Ғылыми семинар Microsoft teams платформасында жүргізілді.

 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ БАСШЫЛЫҒЫНА ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

10.02.2021

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымына университеттің жаңа басшысы Жансейіт Түймебаевты таныстырды.   

Жоғары оқу орны ұжымы алдында сөз сөйлеген министр конкурстық негізде Республикалық комиссия «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректоры лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындауға ұсыныс білдіргенін хабарлады. 

Ары қарай оқу >>

Байқау нәтижесі

09.02.2021

18. 12. 2020 – 22. 01. 2021 жыл аралығында «Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар» кафедрасының эмблемасын (логотипін) жасауға арналған байқау жариялаған болатынбыз. 

Ары қарай оқу >>