ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРЫ QS WUR РЕЙТИНГІ БОЙЫНША ТОП 200-ГЕ КІРЕТІН ХАНЯНГ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

01.12.2023

Көрулер: 292

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қиыр шығыс кафедрасының 1 курс магистранттары Мұратханқызы Назерке мен Кожахметова Жания, 2 курс магистранты Қалиева Гүлден 6-24 қараша аралығында Сеул қаласында орналаскан QS WUR рейтингі бойынша топ-200-ге кіретін Ханянг университетінде шетелдік тағылымдамадан өтті. 3 аптаға жуық көлемде диссертациялық зерттеу жұмысын жазу мақсатында тәжірибе алмасуға Ханянг университетінің «Корейтану» факультетіне жіберілді. Зерттеу тақырыбы аясында көлемді ақпараттар жинақталып, Ханянг университеті тарапынан ұйымдастырылған ғылыми лекцияға қатысып, білімін шыңдай алды. Ханянг университетінің «Корейтану» факультетінің деканы Ким Ен Гю және кафедраның білікті профессоры Ким Ю Ын магистранттарымыздың тәжірибесіне жетекшілік атқарды. Қалиева Гүлден, Кожахметова Жания және Мұратханқызы Назерке  тағылымдама барысында білікті профессорлармен кездесе отыра, өздерінің зерттеу саласын тереңірек түсініп қана қоймай, қажетті ғылыми материалдар негізінде қолдау да ала алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ханянг университеті арасындағы бұл ғылыми бағыттағы қарым-қатынас студенттерімізге академиялық ұшқырлықтарын шыңдауға ерекше көмек бере алды деп ойламыз. Екі елдің ғылыми саласындағы мұндай байланыстың болашақта да тереңірек дами түсуі Қазақстан мен Кореяның сыртқы байланыстарының барынша нығаюына себепші болады деп үміттенеміз.