Қиыр Шығыс кафедрасында «Құрлық пен теңіздің экожүйесін сақтау» тақырыбында брейн-ринг өтті

29.11.2023

Көрулер: 277

   Табиғи ресурстардың шектеулі екендігі және оны ысырыптап пайдалануды шектеу мәселесі көпті толғандарыуда. Осыған орай құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату бағытында адамзат баласы күресуде. Бұл  шаралар экожүйені сақтаудағы нақты қадамдар.

   Аталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында, келешек ұрпаққа саналы ой қалдыру үшін корейтану бөлімінің меңгерушісі Жаханова Ж.А. және жапонтану бөлімінің меңгерушісі Тазабекова Г.Б. ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының Шығыстану мамандығының 3-курс студенттері арасында  «Құрлық пен теңіздің экожүйесін сақтау»   тақырыбында брейн-ринг өткізілді.  Брейн-ринг барысында студенттер үш раундтан тұратын тапсырмаларды орындап өзара жарысты. Экожүйені сақтау бойынша әртүрлі сұрақтар төңірегінде   пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

   Университет қабырғасында ұйымдастырылып жатқан осындай іс шаралар тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы әркетіміздің бірі деп білеміз.

 

  Корейтану бөлімінің меңгерушісі

     Жаханова Ж.А.

 

 Жапонтану бөлімінің меңгерушісі

                                                                                              Тазабекова Г.Б.