Жапондық профессор Сакурай Томонобу әл-Фараби кітапханасында семинар өткізді

22.11.2023

Көрулер: 268

     2023 жылдың 20-қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында шетелден келген профессор, PhD докторы Сакурай Томонобу «Бұлшықеттердің ғылыми сипаттамаларына негізделген спорттық жаттығулар» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға дене шынықтыру және спорт кафедрасы, сондай-ақ шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатысты.  Іс-шара басталғаннан кейін Сакурай мырза өзінің баяндамасын жасады, содан соң семинарға қатысушылар профессорға өз сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Шара соңында қатысушыларға   арнайы сертификаттар табысталды.

     Сонымен қатар, 20-22 қараша аралығында әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті және Жапонияның Йокогама қаласының Тоин университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою университеттер арасындағы халықаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға және дамытуға өз ықпалын тигізері анық.       

Жапонтану бөлімінің меңгерушісі Тазабекова Гульмира Бимухановна                                                                               

Қиыр Шығыс кафедрасының 3-курс студенті Қабыш Азиза