Корей мәдениеті күні атап өтілді

20.11.2023

Көрулер: 262

2023 жылдың 16 қарашасында Қиыр Шығыс кафедрасында (корейтану кафедрасы) 1 курс студенттеріне арналған «K-CULTURE DAY» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара профессор Ли Бён Джо мен 1 курс студенттері арасында ұйымдастырып, дайындалды. Бұл шараның мақсаты – іс-шара арқылы Корея мәдениетін таныстыру және корейтану пәніне деген қызығушылықты арттыру, сол арқылы студенттер арасындағы байланысты біріктіру және нығайту. Іс-шараның бірінші бөлімінде Қазақстанда және шетелде (Корея, Польша және т.б.) магистратурада грантпен оқып, жұмыс істейтін түлектер мен Кореяда “алмасу” курсынан өтіп келген студенттердің бейнеқұттықтаулары көрсетілді. Ал екінші бөлімде музыкалық нөмірлер ұсынылды (K-POP әні мен биі, Домбыра тарту және т.б.). Іс-шара өте көңілді және пайдалы болды. Оның арқасында студенттер Корея туралы білімдерін арттырып, сонымен қатар корейтану бойынша оқуға қажетті көптеген пайдалы ақпараттармен бөлісе алды.