Менің Оңтүстік Кореядағы академиялық ұтқырлық тәжірибем

3-қар-23

Көрулер: 304

Мен, Еркебұланова Айтолқын Еркебұланқызы, 2023 жылдың 1 наурызы мен 2023 жылдың 30 маусым аралығында Корея Республикасының Сеул қаласында орналасқан Сукмен Қыздар Университетінде академиялық ұтқырлық бойынша бір семестрлік оқу сапарында болдым.

Бұл оқу сапарының негізгі мақсаты корей тілін терең меңгеру, сонымен қатар, корей мәдениетімен танысу, сол елдің салт-дәстүрін, мәдени ерекшеліктерін зерттеп, этникалық менталитетімен, тұрмыс - тіршілігімен жақынырақ танысу болды.

Сукмен Қыздар Университетінде тек шетелдік студенттерімен ғана емес, корей студенттерімен де бірге оқу мүмкіндігіне ие болып корей тілінің тәжірибелі ұстаздарынан тәлім алдым. Тек сабақ барысында ғана корей тілін меңгермей, білімімді күнделікті өмірде де қолдандым. Нәтижесінде корей тіліндегі қабілеттерім айтарлықтай жақсарды.

Корей елінде мені таңкалдырған нәрселері – бірегей мәдениеті, тілі, дәстүрі, ойлау тәсілі, табиғи мұрасы, ғылымдағы, медицинадағы, техникадағы, технологиядағы, кеме жасаудағы көрнекті жетістіктері. Сонымен қатар корей еліне деген сүйіспеншілігім кеңее бастады, соның арқасында мен 4 ай ішінде Кореяның отандық кинематографиясы мен композиторлары туралы білдім, әйгілі эстрада жұлдыздары «ATEEZ» тобының концертін тамашаладым және, әрине, әрқашан корей халқының аузында жүрген ертегілерін оқыдым, адамдарды инновацияларымен қуанта беретін косметикаларымен таныстым.

Өзіме бөлінген 4 айдың ішінде үйренгенім мен түйгенім көп болды. Сол уақыт аралығында Сукмен Қыздар университетінде шетелден келген студенттерімен тек корей тілінде ғана емес ағылшын тілінде де сұхбаттасып таза сөйлеуге дағдыландым.

Қорыта айтқанда, Кореяда алған білімімнің арқасында жаңа жетістіктерге жете алатыныма сенімдімін. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы осындай үлкен мүмкіндіктер сыйлады. Студенттерге Кореяда білім алуға және олардың тәжірибесін үйренуге мүмкіндік берген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушыларына алғысым шексіз.