Қиыр Шығыс кафедрасының шақырылған профессоры Ниномия Такаши «Қазақстан ғылымының өркениет өрісіндегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

31-қаз-23

Көрулер: 349

Еренғайып Омаровтың (ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының вице-президенті) 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан ғылымының өркениет өрісіндегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстан Ұлттық кітапханасында өтті. Сол конференцияға Такаши Ниномия (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің шақырылған профессоры және доценті) қатысты. Конференцияда келесі баяндамалар тыңдалды: Елена Кактузинова (Еуропа және Азия зерттеулері орталығының директоры, Рединг университеті, Ұлыбритания), баяндама тақырыбы: «Өркениетті зерделеген ғалым»; Клара Хафильзова (т. ғ. д, профессор), баяндама тақырыбы:  «Шыңғыс ханның ұрпақ тәрбиесі» және Такаши Ниномия, баяндама тақырыбы:  «Жапон өркениетінің негізі болып табылатын жапон әріптерінің тарихы». Ниномия жапон жазу жүйесінің тарихы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Канжи және идеограммаларға сүйене отырып, жапондықтар Манёгана атты жазу жүйесін, содан кейін Хирагана мен Катаканы алфавиттерін жасады. Профессордың пікірінше, бұл Месопотамия өркениетінде белсенділік танытқан аккад халқының аккад тіліне лайық сына жазуларын  жасағанымен ұқсас. Месопотамия өркениетінің негізін қалаған шумерлер идеограммаларға негізделген сына жазу жүйесін ойлап тапты. Аккадтар идеограммаларды пайдалана отырып, сына жазуын жасап шығарды. Осылай жапон халқы иероглифтік жазба жүйесін пайдаланса, аккадтар шумерлік сына жазуына негізделген өздерінің жазу жүйесін қалыптастырды.