Корей ұлттық тағамы күні!

8-сәу-23

Көрулер: 466

«Корейтану апталығының» төртінші күні корей ұлттық тағамына арналды! Алматы қаласындағы Корея Республикасының Білім беру орталығының қолдауымен өтіп жатқан бұл шарада арнайы шақыртумен келген Ким Енг Ми ханым, біздің студенттерге корей ұлттық тағамы “Кимбап”-тың жасалу әдіс-тәсілін үйретті. Корей ұлттық тағамдарының дәмін тек арнайы асханалардан ғана татып көрген корейтанушы студенттер осы жолы «Кимбап»-ты өздері жасады. Бұл арқылы білім алушылар өздегі оқып жатқан тілдің мәдениетін жаңа қырынан тани алды деген ойдамыз. Сондай-ақ, “Корейтану апталығында” арнацы келіп, студенттерімізге баға жетпес тәжірибе сыйлағаны үшін Ким Енг Ми ханымға ерекше алғысымызды айтамыз! Бұл шарада кафедра мұғалімдері мен студенттері өздерінің ұйымшылдығын көрсете білді.