ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРЫ QS WUR РЕЙТИНГІ БОЙЫНША ТОП-200 УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

6-сәу-23

Көрулер: 455

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің корейтану бөлімінің магистранттары Егемберген Аида, Байчигашева Динара, Арипова Асылзат  алғашқылардың бірі болып QS WUR рейтінгі бойынша әлемдік топ 200 университеттердің қатарына кіретін Оңтүстік Кореяның Ханянг университетінде шетелдік тағылымдаманы сәтті аяқтады. 2023 жылдың 10 наурызы мен 26 наурызы аралығында Егемберген Аида, Байчигашева Динара, Арипова Асылзат  Ханянг университетінің Корейтану факультетінің басқа студенттерімен бірге университеттің жетекші профессорларының өзекті тақырыптар қозғалған лекцияларын тыңдап, университеттің өмірімен танысты. Ханянг университетінің Корейтану факультетінің деканы профессор Ким Ю Ын шетелдік тағылымдаманың жетекшісі болды. Профессор Ким Ю Ын магистранттарға Ханянг университетінің жан-жағын таныстыра отырып, университеттің тарихымен бөлісті. Аталмыш университетте қандай ұлы тұлғалар оқығанын, олардың корей қоғамына сіңірген еңбегі жайында ақпаратпен таныстырды. “Ким Ю Ын профессормен әңгімемізден кейін өз зерттеп жатқан тақырыбымызға жаңаша көзқараспен қарап, алда қандай жұмыстарды жасау керек екенімізді айқындай бастадық.”, - дейді тағылымдамадан өткен магистранттар.

Ханянг университетіне үлкен алғысымызды білдіреміз және шетелдік серіктес университеттермен алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.