ӘЗЕРБАЙЖАН ШЕТ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ КОРЕЙТАНУШЫЛАРДЫҢ БАС ҚОСУЫ

27-нау-23

Көрулер: 676

2023 жылдың 14-15 наурыз күндері арасында «Алтай белдеуіндегі корейтану зерттеулері» тақырыбымен Әзірбайжан, Баку қаласында корейтану бойынша 3-ші Эракам халықаралық конференциясы өтті.

Түркия, Эрджиес университетінің шетелдегі корейтану зерттеулері жобасы аясында ұйымдастырылған аталмыш конференция Азербайжан шет тілдер университетінде ұйымдастылды. Конференция университеттің ректоры, академик Камал Абдулланың сөзімен ашылып, Корея Республикасының Әзірбайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ли Ин Ён мырзаның алғыс сөзімен жалғасты. Сонымен қатар Эрджиес университетінің профессоры Гөксел Туркөзү өкілдік еткен жоғары оқу орнындағы корейтану зерттеу орталығының құрылу тарихына тоқталып, жоба туралы мағлұмат берді.

Конференцияға қатысқан Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдері университеттерінің корейтанушы профессор-оқытушылары өз баяндамаларымен шетелдегі корейтанудың көкжиектерін кеңейтуге үлкен үлестерін қосты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің атынан профессор Ли Бён Джо, доцент м.а. Абаған А.Б. мен Белялова А.Е. , Сермухаметова Б.Б., Бегалиева М.Б., Сайлаукенова Ә.Е. атты оқытушыларымыз қатысты.

ҚазҰУ оқытушы-профессор құрамы конференцияда университетіміздің Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасын таныстырып,  Қазақстандағы корейтану зерттеуінің бағыты туралы айтты. Сонымен қатар доцент м.а., PhD Абаған А.Б. «Қазақ-корей аударматануындағы ұлттық –мәдени ерекшелігі бар фразеологиязмдерді салыстырмалы зерттеу» , аға оқытушы Сермухаметова Б.Б. «ХХғ. 70-90 жылдардағы ТМД-дағы корей диаспорасы жазушыларының әңгімелері», доцент м.а., PhD Белялова А.Е. «Жаһандық азаматтық білім беру арқылы адамзат қоғамының тұрақты даму перспективалары: Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесі негізінде» атты тақырыбымен конференцияда баяндама оқып, қатысушыларды ҚазҰУ, Қиыр Шығыс кафедрасы корейтанушыларының жаңа зерттеу бағыттарымен таныстырды. Конференцияның салтанатты жабылу рәсімінде барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.