«ЧУСОК КОРЕЙ ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ»
Көрулер: 1057
2022 жылдың 23-қыркүйегінде Шығыстану факультетінде шақырылған профессор Ли Бён Джо, ұстаздар Т.Н. Пак А.Б. Абаған және эдвайзерлер (Б.Сермухаметова., А.Сайлаукенова мен М.Бегалиева) жетекшілігімен «Чусок» дәстүрлі корей мейрамын тойлауға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Берілген іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің студенттері қатысты.


Чусок – ай күнтізбесі бойынша жыл сайын 15-тамыз күні атап өтілетін Кореяның атақты отбасылық мерекелерінің бірі. Биыл Кореяда Чусок мерекесін тойлау 9-қыркүйектен бастап, 12-қыркүйекке дейін созылды. Әдетте Чусок мерекесі кезінде корейлер туған қалаларына қайтып, отбасыларымен және туыстарымен бірге сүйікті мейрамын тойлайды.
Жыл сайын Қиыр Шығыс кафедрасында Чусок мейрамының құрметіне студенттермен бірге арнайы мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Биылғы мерекелік кеште студенттер корей халқының ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі тәтті тағамдарынан (Инчолми, Ккулток) дәм татып, көңілді уақыт өткізді. Іс-шара барысында эдвайзерлер студенттерге Чусок мерекесі туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, корей ұлттық мәдениетінің ерекшеліктерімен тереңірек таныстырды. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті.
Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушылары Б. Б.Сермухаметова, Г.Б. Тазабекова







