Бір-бірлерімен танысу мақсатында, кездесу өткен болатын

25.09.2021

Көрулер: 1394

2021 жылдың 24 қыркүйегінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде, Қиыр Шығыс кафедрасының Корейтану бөлімінің студенттеріне арналған «Сонбе мен Хубе арасындағы кездесу» (Корейтану кафедрасының студенттерімен кездесу-танысу) іс-шарасы өткізілді.


Іс-шараға кафедраның барлық студенттері, Қиыр Шығыс кафедрасының шетелде жұмыс жасайтын түлектері (LG, Польша), Оңтүстік Кореяның GKS гранты бойынша оқитын түлектер және магистратураның қосдипломды түлектері, сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Әр курс музыкалық қойылымдар мен құттықтау сөздерін дайындады. Осылайша, жоғары курстардың бірінші курс студенттерімен таныстығы өтті. Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары мен куратор-эдвайзерлерінің жұмысының арқасында студенттердің бауырмалдығы жылдан-жылға нығая түсуде, бұл тек оқу жетістіктері мен халықаралық жарыстарда ғана емес, сонымен бірге жастардың рухани дамуын да қалыптастырады.

Биылғы студенттердің бастамашылығы Zoom платформасында онлайн режимінде өтті. Онлайн-кездесудің арқасында кафедраның барлық студенттері достасып, бір-біріне жаңа академиялық семестрде сәттілік тіледі.