«ЧУСОК КОРЕЙ ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ»

22.09.2021

Көрулер: 1381

2021 жылдың 21 қыркүйегінде, шақырылған профессор Ли Бён Джо мен кеңесшілерінің(А. Сайлаукенова мен М.Бегалиева) жетекшілігімен оффлайн платформада дәстүрлі «Чусок» корей мерекесін тойлау өтті. Оған Қиыр Шығыс кафедрасының Корейтану бөлімінің студенттері қатысқан болатын.


Чусок - ай күнтізбесі бойынша 15-тамызда тойланылатын Кореяның керемет отбасылық мерекесі. Биыл Кореяда Чусок мерекесін тойлау 18-қыркүйектен бастап, 22-қыркүйекке дейін созылды.  Әдетте Чусок кезінде көптеген корейлер туған қалаларына қайтып, отбасыларымен және туыстарымен сүйікті мерекелерін тойлайтын, алайда, қазіргі пандемияға байланысты мереке сезімі мүлде болмады.

Жыл сайын корейтану кафедрасының Қиыр Шығыс бөлімі Чусоктың құрметіне күлкілі іс-шаралар өткізіп тұрады. Осы жылы да, қазіргі жағдайға қарамастан, эпидемия кезіндегі карантин ережелерін сақтай отырып, іс-шара оффлайн форматта өткізілді.  Студенттер корей халқының дәстүрлі тәттілерінен(Инчолми, Ккулток) дәм татып, көңілді уақыт өткізді. Іс-шара барысында кеңесшілер Чусок туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Онымен қоса, Кореядағы ғана емес, Қазақстандағы да негізгі корей мерекесінің ерекшеліктері туралы түсіндірген болатын. Бұл арқылы студенттер мереке туралы пайдалы ақпараттарды бойларына сіңіріп алды.