Серіктестік өркендеуде

06.09.2021

Көрулер: 1395

Жақында, Алматы қаласында, жаңа 2021-22 оқу жылы басталар алдында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында «Донсан» медициналық орталығының (директоры Чой Ынджу) дәрігерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында 1995 жылы Алматыда ашылған «Донсан» медициналық орталығының корей маскаларын (KF94) табыстау рәсімі өтті.


Кореядағы «Донсан» медициналық орталығының тарихы 1899 жылдан басталады, сол кезде «Чечунвон» медициналық үйін миссионер-дәрігер (Dr. Woodbrige O. Johnson, 1869-1951) Корея Республикасының оңтүстік бөлігіндегі Дэгу қаласында ашқан болатын.

«Донсан» медициналық орталығының медициналық бағыты офтальмология, акушерлік және гинекология, дерматология, неврология, стоматология мен урологияны қамтамасыз етеді, ал ең басты аурухана Дэгу қаласының Кемёнг университеті аймағында орналасқан.