9 мамыр – Жеңіс күні

07.05.2021

Көрулер: 2128

Іс-шараны «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенттері куратормен бірге ұйымдастырып, мереке тақырыбында презентациялар мен викториналар дайындады. 3 курс эдвайзері Б.Ж.Ташкенбаева студенттерді мерекемен құттықтап, бұл Жеңістің маңызы туралы әңгімеледі. Маханова Эльмира Ұлы Отан соғысының басталуы, Қазақстанның соғыста жеңіске жету үшін қосқан үлесі, сондай-ақ Т.Бигелдинов, Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Н.Әбдіров сынды батырлардың ерліктері туралы презентациясын, ал Хожан Қайсар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жасалған ғылыми жаңалықтар және олардың соғыста жеңіске жетудегі маңызы туралы презентациясын көрсетіп әңгімеледі. Курванжанова Арзигуль болса, соғыс тақырыбына қатысты викторина ұйымдастырып, қазақ елінің жеңіске жету жолындағы ерен еңбегі туралы баяндап берді. 2 курс эдвайзері У.А.Амирбекова соғысқа қатысқан майдангерлердің естеліктерінен сыр шертті. Іс-шараға қатысушылар тағзым ретінде соғыста қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.