«Сонбе мен Хубе арасындағы кездесу» шарасы

18.09.2020

Көрулер: 1341

2020 жылдың 11 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің студенттеріне арналған «Сонбе мен Хубе арасындағы кездесу» (корейтану бөлімі студенттерінің танысу кеші) іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға кафедраның барлық студенттері, Қиыр Шығыс кафедрасының шетелде жұмыс жасайтын түлектері (LG, Польша), Оңтүстік Кореяның GKS гранты бойынша оқитын түлектер және магистратураның қос дипломды бағдарламасының түлектері, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Әр курс музыкалық қойылымдар мен құттықтау сөздерін дайындап, жоғары курстардың бірінші курс студенттерімен танысу кеші қызықты өтті. Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары мен куратор-эдвайзерлерінің жұмысының арқасында студенттердің бауырмалдығы жылдан-жылға нығая түсуде, бұл тек білім алу мен халықаралық жарыстарда жетістіктерге жетуге ғана емес, сонымен бірге, жастардың рухани дамуының да қалыптасуына көмектеседі.

Биылғы 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау Zoom платформасында онлайн форматта өтті. Онлайн-кездесудің арқасында кафедраның барлық студенттері достасып, бір-біріне жаңа академиялық семестрде сәттілік тіледі.