МЕН ЖӘНЕ КОРЕЯ

17.02.2020

Көрулер: 1510

2020 жылдың 17 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында жыл сайын өткізілетін дәстүрлі корейтану апталығы өз жұмысын бастады.

Корейтану апталығының алғашқы күні 1 курс студенттеріне арналған «Мен және Корея» атты мерекелік шарамен ашылды. Ғылыми-танымдық маңызы бар сайысты корейтану бөлімінің меңгерушісі, шақыртылған профессор Ли Бенг Джо мен кафедраның аға оқытушысы Б.Ж.Ташкенбаеваның басшылығымен 2 курс студенттері ұйымдастырды. Қазақ жерінен шалғайда жатқан Корея елінің өзіндік ерекшеліктері туралы танымдық презентация көрсетілді. Төрт топқа бөлінген студенттерге Кореяның тарихы, салт-дәстүрі, қазіргі танымал K-pop топтары мен киносериалдары туралы қызықты сұрақтар берілді. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, барлығына бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, корей тілінде ән айтылып, би биленді. Бұл іс-шараның мақсаты корейтану саласы бойынша маманданып жүрген студенттердің қазіргі Кореяның әлеуметтік-мәдени өмірі туралы түсініктерін арттыру болып табылады.