ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ - 2019

15.10.2019

Көрулер: 1779

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің атынан арнайы шақыртылған профессор Ниномия Такаши жәрмеңкеге өз үлесін қосты. Жәрмеңкеге көптеген оқушылар, студенттер, магистранттар қатысып, қонақтардың саны Нұр-Сұлтанда – 6000, Шымкентте – 5000 және Алматыда – 6500 адамға дейін жетті. Жәрмеңкеге қатысқан университеттер саны да көп болды. Мысалы, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресейден бөлек, Түркия, Еуропа мен АҚШ-тан 150-ге жуық университет өкілдері келді. Цукуба университетінің Алматы қаласындағы кеңсесі Жапониядағы күнделікті өмір, факультет және шәкіртақылар туралы ақпаратты қонақтарға ұсынды. Бұған қоса университетіміздің шығыстану факультетіндегі жапон тілі курсына тіркелу, ҚазҰУ-дың студенті ретінде Жапониядағы жоғары оқу орындарында білім алу, магистратураға түсудің мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.