«100 Кітап» жобасы аясында жазушы, профессор А.Ж. Жамелұлымен кездесу

02.03.2015

Көрулер: 2380

2015ж. 2-наурызында Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы «100 Кітап» жобасы аясында "Қазіргі заманғы жазушылардың көркем шығармаларын аударудағы өзекті мәселелер" атты ғылыми-танымдық дәрісті ұйымдастырып өткізді.Ашық дәрісті ұйымдастырғандар:ф.ғ.к.Тен Ю.П., аға оқытушыларАмирбекова У.А. және Нурелова А.М., оқытушы Шатекова Г.К. Дәріс-талқылауға жазушы және аудармашы, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Аслан Жақсылықов Жамелұлы шақырылды. Құрметті ҰстазҚиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасына 2014-жылы аударған өлеңдерін, сондай-ақ аударма теориясы мен практикасы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын сыйлады.
Іс-шараға Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының студенттері мен ұстаздары қатысты. Аударма ісінде оқитын бірінші курс студенттеріжазушы А. Жақсылықовтың жұмысына үлкен қызығушылық танытты.
Құрметті жазушыға болашақ жоспары мен аудару әдістері жайлы көптеген қызықты сұрақтар қойылды.