Жаңалықтар мен хабарландырулар

ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ КОРЕЯДАҒЫ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАҢА ТҮСІНІКТЕРІ

19.01.2019

Корей Республикасы, Андонг қаласында орналасқан Андонг мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 17 қаңтарынан 18 қаңтарына дейін «Мәдени құндылықтардың жаңа түсінігі және оны қолдану» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Конференцияда 12 баяндама тыңдалды, оның ішінде Жапония, Қытай, Монғолия және Қазақстан спикерлері болды.

Ары қарай оқу >>

ПРОФЕССОР ОКАДА АКИТО ЖАПОНИЯДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ ДӘРІСТЕР ОҚЫДЫ

27.12.2018

Қиыр Шығыс кафедрасы Токио шет тілдер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамын тағы да қабылдады. Профессор Окада Акито арнайы шақыртылған профессорлар бағдарламасының шеңберінде ҚазҰУ-да болып, Жапониядағы білім беру жүйесі туралы дәрістер оқыды. Профессор ОКАДА Акито Нью-Йорк университетінде (АҚШ) магистрлік диссертациясын қорғап, Оксфорд университетінде (Ұлыбритания) докторлық диссертациясын қорғаған және SCOPUS рейтингтік басылымдарында жарияланған бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.

Ары қарай оқу >>

Korea – Central Asia Special Forum for Issue of Koryoin: Extensive Issue and Future Aspect УНИВЕРСИТЕТ ҚАБЫРҒАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІКТЕР

20.12.2018

Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ем Наталья Қазақстан корейлер Ассоциациясы Президиумының мүшесі ретінде «Korea – Central Asia Special Forum for Issue of Koryoin: Extensive Issue and Future Aspect» форумына   қатысып, Хангук шет тілдер университетінде көпшілік алдында Орталық Азия зерттеулері Институтының студенттері үшін дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Корей әдебиеті бойынша халықаралық конференция

19.12.2018

Корей Республикасының Корейтану академиясының шетелдегі корей әдебиетін зерттеуге бағытталған 3-жылдық жобасының қолдауымен Шығыстану факультетінде "Шетелдегі корей әдебиетінің зерттелуі: мәселелер, тенденциялар және оның келешегі" атты халықаралық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Күншығыс елінің мәдениет күні

18.12.2018

Жақында Алматы қаласында Орталық мемлекеттік музейінде жыл сайын өтетін Жапон мемлекетінің мәдениет күні атап өтілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі және Қазақ-Жапон Адам Ресурстарын Дамыту Орталығы, «Нархоз» университеті, Қазақстандағы жапон бизнесмендер қауымдастығы, Теракойя ұйымы және Қазақ-Жапон Жібек Жолы ассоциациясымен бірлесіп дәстүрлі Жапон мәдениет күнін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Шәкіртақы

10.12.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінде «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның жылдық шәкіртақыны табыстау салтанаты өтті. Онда шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің GPA-ы жоғары және аз қамтылған отбасыдан шыққан жеті студент 800 мың теңгеге жуық шәкіртақы алды.

Ары қарай оқу >>