Жаңалықтар мен хабарландырулар

Көшбасшылық дәріс: жапонтанушыға қажетті біліктіліктер

25.09.2020

26 қыркүйекте Zoom платформасында кафедра түлегі, қазіргі кезде Токио (Жапония) қаласында экологиялық фондта жұмыс істейтін Бадавамова Заринаның лидерлік дәрісі болады. Тақырыбы: Жапонтанушыға қажетті біліктіліктер.

Ары қарай оқу >>

Студенттер қатарына қабылдау (Жапонтану бөлімі)

23.09.2020

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қиыр Шығыс кафедрасы, жапонтану бөлімінің бірінші курс студенттері үшін жыл сайынғы «Студенттер қатарына қабылдау» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара дәстүрлі түрде университет қабырғасында өткізіледі, бірақ биылғы оқу жылында пандемияға байланысты кездесу Zoom қосымшасында ұйымдастырылды. Іс-шараға жапонтану кафедрасының профессорлары, оқытушылары және 1-4 курс студенттері қатысты. 

Ары қарай оқу >>

1-курс магистранттарға арналған онлайн-жиналыс

20.09.2020

17 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасы корей және жапон бөлімдерінің 1-курс магистранттарына арналған онлайн-жиналыс өткізді. Университеттегі оқыту процесі электронды оқыту мен қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жүзеге асуда, студенттер мен оқытушылар байланыс орнату жұмысы Қазақстанның көптеген басқа университеттеріндегідей электронды ақпараттық-білім беру ортасында ұйымдастырылған. 

Ары қарай оқу >>

«Сонбе мен Хубе арасындағы кездесу» шарасы

18.09.2020

2020 жылдың 11 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің студенттеріне арналған «Сонбе мен Хубе арасындағы кездесу» (корейтану бөлімі студенттерінің танысу кеші) іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға кафедраның барлық студенттері, Қиыр Шығыс кафедрасының шетелде жұмыс жасайтын түлектері (LG, Польша), Оңтүстік Кореяның GKS гранты бойынша оқитын түлектер және магистратураның қос дипломды бағдарламасының түлектері, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ түлегінен 5 кеңес» атты тақырыпта көшбасшылық дәріс

14.09.2020

2020 жылдың 10 қыркүйегінде ZOOM онлайн-платформасында эдвайзерлер Ж.Б. Тоқтарова мен Е.В. Кимнің ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің 2018 жылғы түлегі Қайрахметов Рустамның «ҚазҰУ түлегінен 5 кеңес» атты тақырыпта көшбасшылық дәрісі өткізілді. Рустам Мәскеуде Samsung Electronics компаниясында инженерлік-технологиялық бөлімнің жетекші маманы ретінде жұмыс істейді.

Ары қарай оқу >>

Шетелдік профессорлар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін дүниежүзі бойынша үздік университеттер ішінде 165-ші орынға ие болуымен құттықтады.

01.09.2020

Шетелдік профессорлар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін дүниежүзі бойынша үздік университеттер ішінде 165-ші орынға ие болуымен құттықтады. Құттықтау сөзін Оңтүстік Корея, Түркия, Иордания, Қытай және т.б. мемлекеттерден шақырылған профессорлар айтты. Оңтүстік Кореядан шақырылған профессор Ли Бенг Джо өз құттықтау сөзінде осындай жоғарғы орынға ие болуымен құттықтап, университеттің басқа дүниежүзілік университеттерден қалыспау үшін атқарылған күнделікті жұмыстар соңында өз жемісін берді деп атап өтті. 

https://www.youtube.com/watch?v=ES3UoZMkYAk

Ары қарай оқу >>

«Түлектер күні»

30.06.2020

Жыл сайын мамырдың 30-ы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде тойланатын «Түлектер күні» мамырдың 29-ы Қиыр Шығыс кафедрасында атап өтілді. Бұл іс-шара пандемияға байланысты ерекше форматта, яғни онлайн форматта өтті. Іс шараға Қазақстандағы түлектерден бөлек, шет елде өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген түлектер де қатысты. Қазақстан мен Корея арасындағы алтын көпірге айналған түлектер, өз құттықтау сөздерін айтты. Құттықтау сөздерінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі болуы олар үшін мақтаныш екенін айтып кетті. Онлайн форматтағы кездесу түлектердің құттықтау сөздерінен бастап, болашақ түлектердің өнер көрсетуімен жалғасты. 

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс Кафедрасының профессоры Ли Бенг Джо түлектерді «Түлектер күнімен» құттықтады.

01.06.2020

Қиыр Шығыс Кафедрасының профессоры Ли Бенг Джо түлектерді «Түлектер күнімен» құттықтады.  Ол өзінің құттықауында әрқашан да бар ынтамен еңбектеніп, білімдерін шыңдаудан жалықпайтын түлектермен мақтанатынын айтты. Университет, кафедра, факультет даңқын көтеріп жүргендері үшін алғысы шексіз екенін жеткізді. Профессор түлектерге бар ізгі-тілегін айтып құттықтау сөзін аяқтады. 

https://www.youtube.com/watch?v=qAwJUZamALI&feature=youtu.be 

Ары қарай оқу >>