Жаңалықтар мен хабарландырулар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің корея бөлімінің оқытушысы Үмітай Әмірбекова «Білім - болашақтың бастауы» атты эссе жазып, жариялады.

25.10.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің корея бөлімінің оқытушысы Үмітай Әмірбекова «Білім - болашақтың бастауы» атты эссе жазып, жариялады.  Ол ғаламдық пандемия оқушылардың білім алуына қалай әсер еткені туралы пікірін қалдырды.  Қуантатыны қашықтықта онлайн оқуға қарамастан, білімге және жастыққа деген студенттердің құштарлығын сезінуге болады. Жаңа өмірге қадам басқан бірінші курс студенттері кафедра оқытушыларына алған білімдері үшін алғыс айтады және Қазақ Ұлттық Университетінде оқып жатқандары үшін ризашылығын білдіреді.Оқу аяқталған сәтке біздің студенттер бәсекеге қабілетті және Қазақстанның атынан шығаратын сұранысқа ие мамандарға айналады деп сенеміз.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо корей бөлімінің «Түлектер күнін» өткізу туралы эссе жазып, жариялады.

24.10.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джокорей бөлімінің «Түлектер күнін» өткізу туралы эссе жазып, жариялады.  Түлектер күні Zoom қосымшасыарқылы сағат 11-де кафедра деңгейінде және 12-де бакалавриат деңгейінде өтті.  Іс-шараға кафедраоқытушылары, өздерінің шын жүректен құттықтауларын жолдаған өткен жылдардың түлектері, сонымен қатар өзталанттарымен бөліскен барлық курстардың студенттері қатысты.  Шығыстану факультетінің деканыЫ.М.Палторе және кафедраның барлық оқытушылары алғашқы онлайн іс-шараға ұзақ уақыт дайындалды және 3 сағатқа созылған «Түлектер күні» жоғары деңгейде өтті.

Ары қарай оқу >>

Корейтану академиясының AKS Hanmun 2021 стипендиясы

19.10.2020

 

Корейтану академиясының AKS Hanmun 2021 стипендиясы туралы ақпарат
Қосымша ақпарат алу үшін нұсқаулықпен бірге берілген файлдарды және өтінім формасын қараңыз.
- Бағдарламаның атауы: AKS Hanmun стипендиясы
- Оқу мерзімі: 3-тур (2021.3.2. ~ 6.21), 4-тур (2021.9.1. ~ 12.20)
- Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2020.11.1 ~ 2020.11.30.
- Нәтижелерді хабарлау: 2020.12.16., жеке хабарланады.

Ары қарай оқу >>

«Жапон қоғамының мәселелері» тақырыбында онлайн-конференция

15.10.2020

2020 жылдың 16 қазанында куратор-эдвайзер Г.Б.Тазабекованың жетекшілігімен шығыстану факультетінің жапонтану кафедрасының 2 курс студенттеріне «Жапон қоғамының мәселелері» тақырыбында онлайн-конференция өтеді. 

Ары қарай оқу >>

"Қашықтықтан оқудың ерекшеліктері" тақырыбында кураторлық сағат

13.10.2020

2020 жылдың 10 қазанында Жапонтану кафедрасының 3 курс куратор-эдвайзері 3 курс студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері талқыланды, әр студент өз пікірімен бөлісті. 

Ары қарай оқу >>

«Sakura Network» желісі аясында Жапон Қоры мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастығы жалғасуда

12.10.2020

Халықаралық Жапон қоры 2007 жылы дүниежүзінің оқу орындарымен ынтымақтасып «JF Nihongo Network (Sakura Network)» желісін құрды. «Sakura Network» желісінің мақсаты- осы желіге мүше болған ұйымдармен бірлесе отырып, жапон тілінде білім берудің сапасын жақсарту, сонымен қатар жапон тілін үйрету.

Ары қарай оқу >>

Күн шығыс елінен келген сый

10.10.2020

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының депутаты Масааки Акаике мырзаның аманаты, Каору Моридің «Жас келін әңгімесі» атты мангасын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне тарту етті.

Ары қарай оқу >>

«Чусок корей дәстүрлі мерекесін тойлау»

07.10.2020

2020 жылдың 7 қазанында ZOOM онлайн-платформасында эдвайзер Тоқтарова Ж.Б. мен Ким Е.В. жетекшілігімен «Корей халқының дәстүрлі Чусок мерекесі» іс-шарасы өтіледі. Осы іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің 1 курс студенттері қатысады. 

Ары қарай оқу >>

Zoom платформасында «Корейлердің дәстүрлі Чусок мерекесі» өтеді

06.10.2020

2020 жылдың 7 қазанында ZOOM онлайн-платформасында кеңесшілер Ж.Б.Тоқтарова мен Е.В.Кимнің жетекшілігімен «Корейлердің дәстүрлі Чусок мерекесі» іс-шарасы өтеді. Оған Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің 1 курс студенттері қатысады.

Ары қарай оқу >>