Жаңалықтар мен хабарландырулар
"Ғылым - мамандық пен кәсіп ретінде" атты тақырыпта онлайн дәріс
05.03.2021Наурыз айында кафедра оқытушылары Амирбекова У.А. и Ташкенбаева Б.Ж "ғылым - мамандық пен кәсіп ретінде" атты тақырыпта онлайн дәріс ұйымдастырды. Дәрісті Ахапов Ерлан Абдиевич -Қиыр Шығыс кафедрасының доценті оқыды. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, өзінің мысалында ғылыми жұмыстарды, диссертацияларды қалай дұрыс тұжырымдау керектігін айтып түсіндірді .
COVID – 19: COVID – 19 коронавирустық инфекциясының диагностикасы мен емдеу шараларының клиникалық хаттамасын қолдану
05.03.20212021 жылдың 5 наурызында шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 2-3 курс студенттері арасында «Салауатты өмір салты» әлеуметтік-инновациялық жоба аясында студенттер арасында дәрігер-пульмонолог, Денсаулық сақтау менеджментінің магистрі, ҚҰФ (KNF) редакторы Ерназарова Айжан Азретовнаның қатысуымен «COVID – 19: COVID – 19 коронавирустық инфекциясының диагностикасы мен емдеу шараларының клиникалық хаттамасын қолдану» тақырыбындағы онлайн-кездесу өтті. Онлайн-кездесуді эдвайзерлер У.А.Амирбекова мен Б.Ж.Ташкенбаева ұйымдастырды.
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында онлайн-конференция
05.03.20212021 жылдың 4 наурызында Қиыр Шығыс кафедрасы, жапонтану бөлімінің 2 курс куратор-эдвайзері Г.Б. Тазабекованың жетекшілігімен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - студенттердің туған жерге деген жауапкершілік сезімдерін ояту, отансүйгіштікті, азаматтықты, ұлтаралық төзімділікті, ел тарихына танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. Онлайн-конференция үшін пайдаланылған негізгі материал - 2021 жылдың 5 қаңтарында Egemen Qazaqstan ресми сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы.
Токио университеті студенттеріне арналған онлайн-лекция
27.02.202124 ақпан күні Токио университеті студенттеріне арналған онлайн-лекция ұйымдастырылды. Қиыр Шығыс кафедрасының доценті Ph.D. Ахапов Ерлан Абдиевич Киото Университеті түлегі және Қазақстандағы жетекші жапонтанушы маман болып табылады. Қиыр Шығыс кафедрасының жазғы және қысқы мектептері аясында жапондық серіктес ЖОО студенттеріне Қазақстанның қоршаған орта мәселелері туралы дәрістерін жиі оқып отырады.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келетін осы жолғы Токио Университеті студентеріне арналған онлайн-лекция сәтті өтті. Дәрістен кейін студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, онлайн кездесу нәтижелі өтті деп айтуға болады. Токио Университеті студенттері факультеттің оқу бағдарламаларында Орталық Азияның саясаты, экономикасы, ауылшаруашылығы, экологиясын және тб оқиды. Студенттер өзінің алған білімін тереңдетіп бекіту үшін оқитын елдің өкілдерімен осындай кездесу маңызды болып табылады. Онлайн-лекцияның аяқталысымен профессор Окада Теруэ және доцент Ахапов Ерлан Абдиевич өздерінің зертханаларының студенттерінің кездесуін келесі Benkyoukai-да жалғастыруға уәделесті.
КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА
18.02.20212021 жылдың 18 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс корейтану бөлімі студенттерінің арасында «Мен оқитын 100 кітап» жобасы аясында «Кітап – рухани қазына» тақырыбында мәдени-танымдық кездесу өткізілді. Іс-шараны 2 курс эдвайзері У.А.Амирбекова ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты: студенттер арасында әдеби шығармаларда көтерілетін жаңа және маңызды тақырыптарды талқылап, оларға өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру. Қазір COVID-19 вирусының бүкіл әлемге таралуына байланысты студенттер онлайн режимде білім алуға мәжбүр, бұл жағдай, әрине, олардың бос уақыттарын пайдалануларына да кері әсерін тигізуде. Соған қарамастан, біздің студенттеріміз алуан түрлі халықтардың әдебиетімен танысуға уақыт таба білуде.
Бунке гакуин университетінің студенттерімен "Эхагаки" жобасы аясында онлайн симпозиум.
17.02.2021Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетіміздің серіктесі Бунке гакуин университетінің студенттерімен "Эхагаки" жобасы ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты- достық қарым-қатынасты нығайту. Онлайн симпозиум кезінде екі жақ өзара танысып, университет, тұратын қаласы, елді мекені, елі жайлы қызықты оқиғалармен бөліседі.
2020 жылы 12 ақпанында Қиыр Шығыс кафедрасының куратор-эдвайзері Г.Б. Тазабекованың ұйымдастыруымен жапонтану бөлімінің 2-курс студенттері және Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты мектептердің бітіруші сынып оқушыларымен онлайн-конференция өткізілді.
12.02.2021Болашақ мамандықты таңдау - бұл әр адамның өміріндегі өте маңызды және жауапты қадам. Мамандықты жалпы қалай таңдау керек? Қазіргі таңда жастар мамандықты таңдау барысында, сұранысқа ие және еңбекақысы жоғары кәсіп түрлерін ғана қарастырып жатады. Бұл қаншалықты дұрыс? Адам келешек кәсібін таңдаған кезде, екі маңызды мәселені ескергені жөн сияқты. Біріншіден, өзі жақсы жасай алатын кәсіп түрін қарастырғаны, ал екіншіден, өзі шынайы ұнататын мамандықты таңдап алғаны дұрыс десек, қателеспейміз. Өйткені, адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада ғана табысқа жетеді, жоғары белестерді бағындырады. Сондықтан мамандық таңдауда, адам алдымен өзінің қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтап алуы керек. Сондай-ақ қалайтын мамандығы бойынша білім беретін жоғары оқу орындары туралы толыққанды ақпарат алуы да маңызды. Сондықтан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасында жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектептердің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында түрлі кездесулер ұйымдастырылады. 2020 жылы 12 ақпанында Қиыр Шығыс кафедрасының куратор-эдвайзері Г.Б. Тазабекованың ұйымдастыруымен жапонтану бөлімінің 2-курс студенттері және Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты мектептердің бітіруші сынып оқушыларымен онлайн-конференция өткізілді. Бұл іс-шараны ұйымдастыруға Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Тұрмаханбетова Назиля Мадибековна қолдау көрсетті. Онлайн-конференцияның басты мақсаты - мектеп түлектеріне мамандықты таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беру, әрі олардың келешек мамандықтары жөнінде білімдерін арттыру. Онлайн кездесу барысында, ҚазҰУ оқытушысы Тазабекова Г.Б. және 2-курс студенттері университеттің факультеттері, оқу үдерісі, Шығыстану факультетінде игеруге болатын мамандық түрлеріне қатысты толыққанды ақпарат берді. Студенттер оқушыларға өз презентацияларын көрсетті, өздерінің ҚазҰУ-дегі қызыққа толы студенттік өмірлері туралы егжей-тегжейлі айтып берді және өздерінің жеке мұрағатындағы фотосуреттерін көпшілік назарына ұсынды. Конференцияның соңғы бөлігінде мектеп оқушылары ЖОО оқытушысына және студенттерге өз сұрақтарын қойып, онлайн кездесуге барынша қызығушылықтарын танытып отырды.






