"Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
Көрулер: 634
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына және Ақпараттық жүйелер кафедрасының 50 жылдығына арналған "Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан мен Еуропа елдерінің ғалымдары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері мен докторанттары қатысты.
Конференцияда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмила Нұрматқызы Айтжанова құттықтау сөз сөйледі.
Баяндамашы ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу университеті мәртебесі студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамын ғылыми-инновациялық жобаларға белсенді тартуды міндеттейтінін атап өтті. Бұл міндетті университеттің, ғылыми-зерттеу институттары мен бизнестің интеграциясы арқылы да тиімді шешуге болады. Жәмила Нұрматқызы Ақпараттық жүйелер мен киберқауіпсіздікті дамытуға байланысты өзекті ғылыми-зерттеу мәселелеріне қызығушылық танытқан ғылыми-практикалық конференцияның барлық қатысушыларына алғысын білдірді.
Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің президент-ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – Михаил Валерьевич Гришко, «Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік» факультетінің деканы, т.ғ.к. қауым. профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – Нұргүл Абадуллақызы Сейілова және іс-шараның басқа да қонақтары құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста ҚР ҰҒА Құрметті академигі, т. ғ. д., профессор - Тукеев Уалшер Ануарбекұлы, Стамбул техникалық университетінің профессоры - Эшреф Адали, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, т. ғ. д., профессор - Ахметов Бақытжан Cражатдинович, "Киберқауіпсіздік" кафедрасының меңгерушісі, ХАТУ, т. ғ. к. - Аманжолова Сәуле Токсановна, сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік саласындағы білікті сарапшылар, университеттің оқытушылары мен білім алып жатқан жастары сөз сөйледі.
Конференция келесі бағыттар бойынша өтті:
Секция 1. «Киберқауіпсіздік»
Секция 2. "Есептеу лингвистикасындағы және табиғи тілді өңдеудегі инновациялар"
Секция 3. "Ақпараттық жүйелердегі IT-менеджмент және инновациялар"
Секцияларда Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік салаларындағы ғылыми жаңалықтардың теориялық, практикалық және қолданбалы сипатындағы баяндамалар тыңдалды. Қазақстанда информатика мен ақпараттық технологияларды дамыту, Қазақстан Республикасында Киберқауіпсіздік бойынша мамандар даярлау: проблемалар мен перспективалар сияқты тақырыптар қозғалды.
Сондай-ақ, қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісті, Ақпараттық жүйелер мен киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді қозғады және өз ұсыныстарын білдірді.






